Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Солнышко» бөбекжайы» МКҚК
Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Солнышко» бөбекжайы» МКҚК

Әлеуметтік желілер

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ерте жастан үш тілге қатар үйрету"- ағылшын тілі оқытушысы

13.04.2019

Ерте жастан үш тілге қатар үйрету.

       Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп  тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру- өзекті мәселелердің бірі. Осы мақсатқа жету жолында тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, жаңа ұрпақ ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс», екенін айтты.

        Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі.

        Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен араласатын орталарын кеңейтіп жатыр. 
       Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Қазір ағылшын тілін білу- уақыт талабы. Өзге ұлт өкілдерінің тілдерін оқып-білуге, үйренуге жағдай жасау арқылы әр тілдің өзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз.

       Бастауын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салып берген «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында біздің «Солнышко» балабақшамызда да қазақ, орыс тілдерімен қатар ересек  тобында ағылшын тілі оқытылады. Тілдерді ерте жастан оқытудың мақсаты- балалардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Сонымен қатар балалардың коммуникативті даму біліктіліктерін арттырып,  қызығушылықтарын оятуға мүмкіндік жасайды. Балабақшамызда тілдер фестивалі шеңберінде орыс тілі сабағынан «Әдепті сөздер», қазақ тілі мен ағылшын тілінен «Тілдер патшалығына саяхат» тақырыбына біріккен ашық сабақ өткізілді. Балалар отбасы мүшелерін, сандар мен түстер атауларын ағылшын тілінде қайталап, амандасу шеңбері мен сергіту сәтін ағылшын тілінде орындап, қозғалыс ойындарын ойнады.  Өйткені  5-6 жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау іс-әрекеті болып табылады. Ойын арқылы балаларымыз шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасап, ойын кезіде шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді.

 

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст