Ортаңғы топқа арналған "Берекелі алтын күз" ертеңгілігі
(Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді)
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз.
Жүргізуші: Армысыздар, ағайын, Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі «Берекелі алтын күз»
атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз
Ал балалар, берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.
-Балалар қазір қай жыл мезгілі?
Балалар:Күз мезгілі
Жүргізуші: Дұрыс балалар, енді күз мезгілінің айларын атап беріңдер.
Балалар:Қыркүйек, Қазан, Қараша
Жүргізуші: Ендеше балалар,бүгінгі ертеңгілігімізді бастаймыз.
Тақпақ
Аружан:Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет тамаша
Қандай әсем күз
Максим:Солнышко усталое
Скупо греешь ты!
Желтые да алые
Кружатся листы
В шелесте да в шорохе
Наш осений сад
На дорожках ворохи
Пестрые лежат
Ратмир:Күзім – ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенін қызық ау
Хади (орыс):Берегу я листики
Осень продолжается
Долго дома у меня
Праздник не кончается
Саиын: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр – сыбдыр етеді.
Арина: Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Жүргізуші:Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім екен?
Балалар: Ол күз ханшайымы.
Жүргізуші: Әрине ол күз.
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысын.
Табиғатым, жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақшы боп бар халқымның алғысын.
- Мен –Күз ханшайымымын, сіздерді көргеніме
қуаныштымын.
Жүргізуші:Балалар онда біз күз ханшайымымен бірге ән айтайтып көрейік.
Ән: «Күз келді »
Жүргізуші: Қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар да күз туралы тақпақтарын жалғастырсын сіз балалардың өнерін тамашалаңыз.
Амаль:Ветер-почтальон Письма разносил
Дул, старался он не жалея сил
На листве цветной осени привет
Дождик затяжной сыплет свой ответ
Пруд покрылся весь нотками дождя
Пишет небо песнь в осень уходя
Жасар:Ән салындар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріндер,
Күздің тойын тойлайық
Би билейік ойнайық
Аяулым: Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін
Нураш: Күн суытып
Жапырақтар түседі
Астық – жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Хамзат:Дождик, Дождик моросит осений
Сеет дождик через сито серый дым
Дождь художник он рисует лужи
И на трубах он играет не хуже
Вот и серый снег пошел, лег густо
От чего же хорошо и грустно
Күз ханшайымы: Балалар,мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Осы жапырақтарыммен сендерді ойын ойнауға шақырамын.
Жүргізуші:Жарайды балалар күз ханшайымымен ойын ойнайық
«Жапырақтар жинау» ойыны
Жүргізуші: Балалар күзге деген тақпақтарын жалғастырсын.
Андрей:Плакали ночью желтые клены
Вспомнили клены, как были зелены..
С желтый березы тоже капало
Значит, береза тоже плакала...
Ерали: Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып
Нұраш:Ходит осень бродить осень
Листья с клена ветер сбросил
Под ногами коврик новый
Желто- розовый кленовый
Ратмир: Күзім – ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенін қызық ау
«Жемістер» биі
Жүргізуші: Енді балалар, күз мерекесіне арналған тақпақтарымызды тағы жалғастырамыз.
Хамзат: Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Ратмир:Ветер листьями играет
Листья с веток обрывает
Листья желтые летят
Прямо под ноги ребят
Аяулым:Белый день недолог
Вечера длинней
Крики перепелок
Реже и грустней
Осень неведимкой
На землю сошла
Сизо-серой дымкой
Небо облекла
Максим: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
Андрей:Күзде жауын,бұлт, тұман
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сыпырады ауаны
Арина: Листья желтые танцуют
С веток падают, летят
Эту сказку золотую
Называют листопад
Жүргізуші: Қане, балалар енді сендерді ойын ойнауға шақырамын.
«Кім жылдам?» ойыны
Ойын шарты: бір себетке көкөністерді жинаймыз, ал екінші себетке жемістерді жинаймыз.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар.
Жүргізуші: Ал енді, балалар жемістердің айтысын тамашалайық.
Жемістер айтысы:
Жасар: Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім
Амаль: Нартай қызыл алмам бар
Мәз болады алғандар
Саиын: Мен алмұртпын,алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың
Нураш: Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін
Самат: Мен шиемін,шиемін
Күннің көзін сүйемін
Жүргізуші:Енді күз ханшайымы, балалардың биін тамашалаңыз.
Би
Күз ханшайымы: Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық.
Ойын: «Ұйқасын тап»
1. Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты- (шабдалы)
2. Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін айырып,
Танисың ба...?(шиені)
3. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері- бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты....(таңқұрай)
Жүргізуші: Енді балалардың орындауында «Күзгі әуен» әнің қабыл алыңыздар.
Күз ханшайымы: Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Міне, меңін сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге күз денсаулық, шаттық, қуаныш, әкелсін!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығына рахмет. Бізге жыл айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз. Балалар, күз сыйлығын топқа барғасын бөлісеміз.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Берекелі Алтын күз!» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Әр отбасына бақ, береке әкелсін! Осымен ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!