Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Солнышко» бөбекжайы» МКҚК
Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Солнышко» бөбекжайы» МКҚК

Әлеуметтік желілер

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ортаңғы топқа арналған "Берекелі алтын күз" ертеңгілігі

07.11.2018

Ортаңғы топқа арналған "Берекелі алтын күз!" ертеңгілігі

Балалар әсем безендірілген залға кіріп орналасады.

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.

Жүргізуші:Армысыздар, ағайын, Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізге  қош келдіңіздер!

Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық тілейміз! Ал балалар, берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

- Балалар қазір қандай мезгіл?

Балалар:Күз мезгілі

Жүргізуші: Дұрыс балалар, күз мезгілінің айларын кім атап береді?

Балалар:Қыркүйек, Қазан, Қараша

Жүргізуші:Енді балалар бүгінгі ертеңгілігімізді бастаймыз.

                    Тақпақ

Аружан:Келді міне күз

               Айнала сары түс

               Керемет тамаша

               Қандай әсем күз

Максим:Солнышко усталое

                Скупо греешь ты!

                Желтые да алые

                Кружатся листы

                В шелесте да в шорохе

                Наш осений сад

                На дорожках ворохи

                Пестрые лежат

  Ратмир:Күзім – ау, күзім - ау,

               Мінезің бұзық- ау

               Жаңбырың сіркіреп,

               Келгенін қызық- ау.

Хади:Берегу я листики

          Осень продолжается

          Долго дома у меня

          Праздник не кончается

 

Саиын: Күздің қазан айында

              Алма, алмұрт піседі

              Жапырақтар сарғайып

              Сыбдыр – сыбдыр етеді.

Арина: Ағаштардан жамырап

             Ұшты кенет жапырақ

             Ой, алақай, тамаша,

             Шашу шашты жапырақ

Жүргізуші:Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім екен?

Балалар: Ол күз ханшайымы.

Жүргізуші: Әрине, ол күз.

Күз ханшайымы:  Уа, халайық, дархан далам армысын.

Табиғатым,жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақшы боп бар халқымның алғысын.

Күз ханшайыиы: Мен -Күз ханшайымымын, сіздерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші:Балалар онда біз күз ханшайымымен бірге ән айтайық.

                                                         Ән: «Күз келді »

Жүргізуші: Қымбатты Күз ханшайымы!Біздің балалар да күз туралы тақпақтарын жалғастырсын сіз балалардың

өнерін тамашалаңыз.  

Амаль:Ветер-почтальон

Письма разносил

           Дул, старался  он

          Не жалея сил

          На листве цветной

          Осени привет

         Дождик затяжной

          Сыплет свой ответ

Жасар:Ән салындар күліңдер

             Жайнап гүлдей жүріндер,

             Күздің тойын тойлайық

             Би билейік ойнайық 

Аяулым: Ақтарады мырза күз

                 Уылжыған жемісті

                 Күзге бізде ризамыз

                 Аянбаған ел үшін

Нураш: Күн суытып

              Жапырақтар түседі

              Астық – жеміс жиылды

              Қамбамызға құйылды

Хамзат: Дождик, дождик моросит осенний

             Сеет дождик через сито серый дым.

              Дождь художник, он рисует лужи

             И на трубах он играет не хуже.

Күз ханшайымы: Балалар, мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Осы жапырақтарыммен сендерді  ойын

ойнауға шақырамын.

 Жүргізуші:Жарайды балалар күз ханшайымымен ойын ойнайық

                        «Жапырақтар жинау» ойыны

Жүргізуші:Балалар  күзге деген тақпақтарын жалғастырсын.

Андрей:Плакали ночью желтые клены

              Вспомнили клены, как были зелены..

              С желтый березы тоже капало

              Значит, береза тоже плакала...

Ерали: Жел тынымсыз гуілдеп

            Болып кетті тым бұзық

            Шуылдайды тал терек

            Жапырағын жұлғызып

Нұраш:Ходит осень бродить осень

             Листья с клена ветер сбросил

              Под ногами коврик новый

              Желто-розовый кленовый

Ратмир:Күзім – ау, күзім - ау,

              Мінезің бұзық- ау

              Жаңбырың сіркіреп

              Келгенін қызық- ау.

 «Жемістер» биі

Жүргізуші: Енді балалар,  күз мерекесіне арналған тақпақтарымызды тағы  жалғастырамыз.

 Хамзат: Жеміс мол теретін

               Күз дос екен бізбенен

               Бәрін тауып беретін

               Жомарт екен күз деген

Ратмир:Ветер листьями играет

                Листья с веток обрывает

                Листья желтые летят

                Прямо под ноги ребят

  Аяулым:Белый день недолог

                 Вечера длинней

                 Крики перепелок

                 Реже и грустней

                 Осень неведимкой

                 На землю сошла

                 Сизо-серой дымкой

                 Небо облекла

Максим: Көк майсалы көрікті

                 Алқаптағы көп егін

                 Бұл күндері киіпті

                 Сары жібек көйлегін.

Андрей:Күзде жауын,бұлт, тұман

              Сары жапырақ жауады!

              Сары құйын ұйытқан,

              Сыпырады ауаны

  Арина: Листья желтые танцуют

            С веток падают, летят

              Эту сказку золотую

             Называют листопад

Жүргізуші: Қане, балалар енді сендерді ойын ойнауға шақырамын.

«Кім жылдам?» ойыны

Ойын шарты: бір себетке көкөністерді жинаймыз, ал  екінші себетке жемістерді жинаймыз.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар.

Жүргізуші: Ал енді, балалар жемістердің айтысын тамашалайық.

                               Жемістер айтысы:

Жасар:  Мен жүзіммін, жүзіммін

                Моншақ болып тізілдім

Амаль:   Нартай қызыл алмам бар

                Мәз болады алғандар

Саиын:   Мен алмұртпын,алмұртпын

                 Аузындамын бар жұрттың

Нураш:   Мен өрікпін, өрікпін

                 Табиғатқа көрікпін

Самат:  Мен шиемін,шиемін

               Күннің көзін сүйемін

  Жүргізуші:Енді күз ханшайымы, балалардың биін тамашалаңыз.     

                                                                 Би

Күз ханшайымы: Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық.

«Ұйқасын тап» ойыны

1. Пісетін кезі дәл күзде

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты-(шабдалы)

2. Кіп-кішкене болса да,

Ағаштың басын иеді.

Жемістерін айырып,

Танисың ба...?(шиені)

3. Жапырақты тасалап,

Өсетін жері- бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты....(таңқұрай)

Жүргізуші: Енді балалардың орындауында "Күзгі әуен" әнің қабыл алыңыздар.  

«Күзгі әуен" әні

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Меңін де сендерге дайындаған сыйлығым бар- бір себет күз сыйы. Сендерге күз  денсаулық,

шаттық,қуаныш,  әкелсін! 

Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығына рахмет! Бізге жыл айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына күтеміз.

Балалар, күз сыйлығын топқа барғасын бөлісеміз.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Берекелі Алтын күз!» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты

болсын демекпіз. Әр отбасына бақ, береке әкелсін! Осымен ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!

 









 

 

Просмотров: 602


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст