28.10.2026
Аналар мектебі” жобасы бойынша шеберлік сынып: “Киізден қазақ оюын бірігіп жасаймыз”
Міндеті: Ата аналар киізден ою жасайды ине арқылы тесіпАта-аналарды қазақтың ұлттық қолөнерімен, әсіресе киіз басу және ою-өрнек түрлерімен таныстыру. Отбасы мен балабақша арасындағы тығыз байланысты нығайта отырып, ата-аналардың қолөнерлік дағдыларын дамыту және ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыру.Киіз материалының қасиеттерімен және онымен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру.Ата-аналарда эстетикалық талғамды, ұқыптылықты, шығармашылық көзқарас пен еңбекқорлықты тәрбиелеу. Ұлттық мұраны қадірлеуге, қолөнер дәстүрін жас ұрпаққа насихаттауға үлес қосу. Бірлескен шығармашылық жұмыс арқылы ата-аналардың өзара пікір алмасуына, тәжірибе бөлісуіне қолайлы жағдай жасау.
Тәрбиеші: Манет А