Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Солнышко» бөбекжайы» МКҚК
Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Солнышко» бөбекжайы» МКҚК

Әлеуметтік желілер

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Нан – дастарханның сәні» тақырыбында пазл құрастыру

07.08.2026

Мақсаты:
Балалардың нан туралы білімдерін бекіту, оның адам өміріндегі маңызы мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегі туралы түсініктерін кеңейту; пазл құрастыру арқылы танымдық белсенділігін, зейінін және логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Міндеті:
Балаларды пазлдың жеке бөліктерін біріктіріп, тұтас сурет құрастыруға, бөлшектерді пішініне, түсіне және бейнесіне қарай сәйкестендіруге үйрету; нан туралы түсініктерін бекіту және нанды қадірлеуге тәрбиелеу.

Қалыптастырылатын білік пен дағдылар:

  • пазлдың жеке бөліктерін дұрыс біріктіріп, тұтас сурет құрастыра білуге үйрету;
  • көру арқылы қабылдауын, зейінін және есте сақтау қабілетін дамыту;
  • логикалық ойлауын, бөлшек пен тұтастың арасындағы байланысты анықтау қабілетін қалыптастыру;
  • нанның түрлері мен нан өнімдері туралы білімдерін бекіту;
  • дәннен нанға дейінгі жол туралы түсініктерін кеңейту;
  • диқанның, диірменшінің және наубайшының еңбегімен таныстыру;
  • өз бетінше және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
  • қолдың ұсақ моторикасын және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;
  • шыдамдылыққа, ұқыптылыққа және бастаған жұмысын соңына дейін жеткізуге тәрбиелеу;
  • адамдардың еңбегін құрметтеуге және нанды қадірлеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Балалар «Нан – дастарханның сәні» тақырыбындағы пазлдарды өз бетінше және бірлесіп құрастырады, суреттің жеке бөліктерін дұрыс сәйкестендіріп, тұтас бейне жасай алады. Балалар зейін, шыдамдылық танытып, тапсырмаға қызығушылықпен қатысады. Нанның жасалу жолы және оны өндіруге қатысатын адамдардың еңбегі туралы білімдерін бекітеді, нанды қадірлеу және оны ысырап етпеу қажеттігін түсінеді.

Просмотров: 228


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст