20.03.2026
Іс-шараның мақсаты:
Тәрбиеленушілерді қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетімен таныстыруды жалғастыру; балалар арасында бірлік пен достық сезімін дамыту; Наурыз ұлттық мерекесіне деген құрмет пен қызығушылықты тәрбиелеу.
(Балалар әуенмен бірінің артынан бірі залға кіріп, орындықтарының жанына тұрады. Жүргізушілер ұлттық киімде. ҚР ӘНҰРАНЫ орындалады.)
(Әнұраннан кейін балалар орындықтарына отырады.)
Жүргізуші:
Ардақты қонақтар! Бүгін сіздерді балабақша төрінен көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.
Құрметті қонақтар! Біз сіздерге көктемді қалай көңілді қарсы алып, Наурыз мерекесін қалай атап өтетінімізді көрсетіп, айтып беруге дайынбыз.
Қонақты біз қарсы аламыз,
Достарымызды қарсы аламыз.
Ән айтып, би билейміз,
Наурызды бірге қарсы аламыз.
Ән: «Наурыз – біздің жаңа жыл!»
Жүргізуші:
Наурыз мейрамы — Қазақстандағы көктемгі жаңару мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз — жаңа жылдың алғашқы күні. Қазақ халқы үшін бұл мереке — көктемнің жаңаруының, махаббаттың, берекенің және достықтың белгісі.
Тақпақтар:
Закри:
Наурыз келді нұр төкті,
Жер анамыз гүлдепті.
Ән шырқайық бәріміз,
Жарқын болсын күніміз.
Аяулым:
Дала гүлге оранды,
Құстар әнін таратты.
Жер көгеріп, жанарып,
Күн шуағын таратты.
Малика:
Ақ дастархан жайнады,
Наурыз көже қайнады.
Қуанышты ел-жұртым,
Күй де шырқап ойнады.
Полина:
Кел, балалар, тойлайық,
Ән мен биге қосылайық.
Берекелі Наурызда,
Шаттықпенен жарқырайық.
Жүргізуші:
Ертеде Наурыз келер алдында адамдар үйлерін, қора-қопсыларын тазалап, ағаш отырғызып, гүл еккен.
Қазақ халқы өте қонақжай. Қонақты әрдайым жылы қарсы алып, дастарханға отырғызған. Дастарханға түрлі ұлттық тағамдар қойылған. Соның ішінде ең бастысы — Наурыз көже.
Наурыз — үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін мереке. Бұл — кешірім, мейірім мерекесі. Адамдарды жақсылыққа, сүйіспеншілікке, кешірімге шақырады.
Жүргізуші:
Күлкі, ойын, әзілдер,
Бүгін бәрін қуантсын!
Ал, балалар, ойнап көрейік.
Зейінге арналған ойын:
(Келіссеңдер – қол соғасыңдар, келіспесеңдер – аяқпен топылдатасыңдар)
• Наурыз – барлық қазақтардың мерекесі (қол соғу)
• Қазақтың ұлттық тағамы – хачапури (топылдату)
• Қазақстанның дала гүлі – қызғалдақ (қол соғу)
• Масленицада бауырсақ пісіреді (топылдату)
• Бешбармақты француздар жейді (топылдату)
• Қазақтар – қонақжай, ұйымшыл халық (қол соғу)
• Қымыз сиыр сүтінен жасалады (топылдату)
• Наурыз – бейбітшілік, достық, көктем мерекесі (қол соғу)
Жүргізуші:
Көктемнің мінезі әртүрлі,
Кейде қар жауады, кейде ерте ериді.
Бірақ қандай ауа райы болса да,
Наурыз міндетті түрде келеді!
Бұл — бүкіл Қазақстанның көктем мерекесі!
Қазақ биі (қыздар)
Тақпақтар:
Женя
Растаял снег, звенят ручьи,
Запели песни соловьи.
Земля проснулась и цветет,
И в гости к нам весна идет.
Миша
С Наурызом поздравляем
Мы сегодня всех людей.
Счастья, радости желаем
И весенних тёплых дней.
Саша
Праздник идёт, праздник идёт,
Всё оживает, поёт и цветёт.
Снова весна, снова весна
В свежую зелень одета она!
Аниса
Расцвела земля родная
Песни звонкие слышны
Наурыз веселый праздник,
Праздник солнца и весны
Даша
Наурыз – это я,
Наурыз – это ты…
Наурыз – это солнце,
Это наши цветы.
Ойын «Киіз үй» (орамалдармен)
(Әуен тоқтағанда балалар шеңберге тұрып, орамалдардың ұшынан ұстап, киіз үй жасайды)
Жүргізуші:
Бәріміз бірге Наурызды қарсы аламыз,
Көңілді ойнап, шаттанамыз!
Қазір біз батыл, епті, күшті жігіттерімізді көреміз.
Ойын «Қой көтеру»
Бұл — қатысушылар қойды иықтарына көтеріп, отырып-тұру арқылы күш пен төзімділігін көрсететін ұлттық ойын.
Жүргізуші:
Ал енді баршаңызды қазақтың танымал ұлттық ойынына шақырамын. Бұл ойын бірлік пен күшті, ұйымшылдықты білдіреді.
Ойын «Арқан тарту»
Қорытынды тақпақ:
Нарек:
Біз бүгін бірге тойладық,
Ән айтып, би билеп, тақпақ айттық.
Наурыз бізге қуаныш сыйлады,
Наурыз бәрімізді біріктірді!
(Залға Әже кіреді, бата береді, шашу шашады.)
Қазақтың домбыра әуені ойнайды. Балалар билейді, тәттілерден дәм татады, алғыстарын айтып, қоштасып, топтарына қайтады.