Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Солнышко» бөбекжайы» МКҚК
Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Солнышко» бөбекжайы» МКҚК

Әлеуметтік желілер

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Моя Родина – Казахстан!»

20.10.2025

Мақсаты: Балалардың туған елі – Қазақстан Республикасы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

Отанды, туған жерді сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

            1.         Балалардың «Отан», «Қазақстан», «Республика» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

            2.         Мемлекеттік рәміздермен (Ту, Елтаңба, Әнұран) таныстыру, оларды ажырата білуге үйрету.

            3.         Туған елін мақтан тұту, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

            4.         Отбасына, туған жеріне, еліне деген жылы сөздер айтуға баулу.

Өту барысы:

 

I. Ұйымдастыру кезеңі:

            •           Балаларды шаттық шеңберіне жинау.

            •           Шаттық шеңбері:

«Қайырлы таң, Қазақстан!» әнімен көңіл көтеру.

– Балалар, бүгін біз ерекше күн туралы әңгімелесеміз. Бұл күн – Республика күні!

 

II. Негізгі бөлім:

            •           Тәрбиеші балаларға суреттер көрсетеді: Қазақстан картасы, Ту, Елтаңба, Әнұран бейнелері.

– Бұл не, балалар? (Ту)

– Оның түсі қандай? (Көк)

– Күн мен қыран нені білдіреді? (Бейбітшілік, еркіндік)

            •           Сергіту сәті:

«Біз – кішкентай қазақстандықпыз» қимылды өлеңі:

Ойын: «Рәміздерді тап»

Тәрбиеші әртүрлі суреттерді көрсетеді (ту, үй, гүл, елтаңба, машина).

Балалар тек мемлекеттік рәміздерді таңдайды.

            •           Бейнелеу жұмысы:

Балалар көк түсті қағазға күн мен қыран салып, өз «Туын» жасайды.

 

III. Қорытынды бөлім:

            •           Балалардан сұрақтар арқылы кері байланыс алу:

– Бүгін қандай мереке туралы білдік?

– Біздің еліміз қалай аталады?

– Тудың түсі қандай?

Қорытынды:

Республика күні – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін бейнелейтін мереке екенін түсіндіру.

            •           Рефлексия:

Балалар күн бейнесін немесе күлімсіреген смайлик таңдап, өз көңіл-күйін көрсетеді.

Көрнекіліктер:

            •           Қазақстанның рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран суреттері)

            •           Ел картасы

            •           Балаларға арналған көк қағаздар, сары күн мен қыран бейнелері

            •           Музыка сүйемелдеуі

Просмотров: 213


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст