Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Солнышко» бөбекжайы» МКҚК
Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Солнышко» бөбекжайы» МКҚК

Әлеуметтік желілер

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ертеңгілік: «Сиқырлы Алтын күз!»

01.01.1970

«Армысың, Алтын күз!» мектепалды даярлық топ ертеңгілігі (Күз Ханшайымына қонаққа барамыз)

Топ: «Жұлдызай» ортаңғы тобы

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Барысы: Музыкалық зал мерекеге сай безендірілген.

Керекті құралдар: жапырақтар 2 себет, шеңбер, көкөністер мен жемістер атрибуттары, сәбіз бен картоп салынған себет, екі себет.

Жүргізуші :

Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз!
- Қайырлы күн! Армысыздар құрметті қонақтар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Күз барлығымызға молшылық, ырыс, қуаныш әкелетін мезгіл. Күзіміз әрдайым берекелі, ырысты болсын! Мен күз ханшайымымын! Маған қонаққа келгендеріңізге өте қуаныштымын!

Жүргізуші : Бүгін мерекеге орай маған «Жұлдызай» тобының балапандары қонаққа келеді.

Ондай болса тұрмайық,

Балаларды қарсы алайық!

Әуен ойнап балалар қолдарына жапырақ ұстап залға кіреді

Жүргізуші : - Қараңдаршы, бүгін біздің балалар әдемі болып келіпті. Мен сендерді асыға күттім. Қош келдіңдер! Балалар біздің мерекемізге арнайы қонақ келді. Ендеше ортамызға Күз ханшайымын шақырайық!

Балалар: күз ханшайымы, күз ханшайымы!

Күз ханшайымы:Қайырлы күн! Армысыздар құрметті қонақтар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Күз барлығымызға молшылық, ырыс, қуаныш әкелетін мезгіл. Күзіміз әрдайым берекелі, ырысты болсын! Мен күз ханшайымымын! Ал балалар сендердің маған әкелген сыйларың барма?

Балалар: ИА, иа.

Балалардың тақпақтары

Арсен: Сап - сары маңай,

Сап - сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Хадиша : Алақай алақай

Шаттанда балалқай

Күз түсті дән пісті

Айтамыз алғысты

Каусар : Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

Айсултан : Құстар қайтты ән салып

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды

Нурайым :  Айнала жым жырт

Көк аспан сұрғылт

Жер жыртқан тыңда

Трактор қырда

Аятжан: Күз келді алақай!

Алтын келді далаға

Дәні бітік бидайды

Құйып жатыр қамбаға.

Назым күздің қазан айында

Алма,алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр сыдбыр етеді

Інжу көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз

Күз Ханшайымы: Жарайсыңдар, өте жақсы дайындалып келіпсіңдер! Енді мен сендерге бір тапсырма беремін соны орындаймыз, жақсы ма?

Балалар: иа, иа, орындаймыз.

Күз Ханшайымы: Мен  сендермен қәзір ойын ойнағым келеді. Ойынның аты «Кім шапшаң» деп аталады. Кәне балалар бәріміз бірге ортаға шығайық.

Ойын шарты: қойылған шығыршықтарға қазір сендерді бөлеміз, музыка жүргенде сол шығыршықтарды айналып билейсіңдер, жаңбырдың дыбысы болғанда, мен кімді ұстап үлгерем сол ойыннан шығып отырады. Әр бала алғашқы ретте тұрған шығыршыққа кіріп үлгеруі керек.

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар!

Күз Ханшайымы: Өте  тамаша, балақайлар! Балалар мен жалғыз өзім келмедім. Өзіммен бірге досымды ала келдім. Қанекей бірге шақырайық! Күлдіргіш, Күлдіргіш!

Күлдіргіш : Сәлеметсіңдер ме балалар, қош келдіңдер. Күз мерекесі құтты болсын!

Жүргізуші : Енді кезек бүлдіршіндеріміздің  тағы сыйлары бар екен. Қане тамашалайық!

Ән: «Кап, кап, Жаңбыр»

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Керемет ән болды.

Күлдіргіш: Ханшайым, ханшайым мен балалармен ойын ойнағым келеді.

Күз ханшайымы: Жарайды. Ойнасақ ойнайық. 

Күлдіргіш:   Ол ойын «Егінді жинаймыз» деп аталады. Ойын шарты бойынша екі бала келіп сәбіз бен картоп жинайды. Солай біз  кім көп көкөністер жинағанын анықтаймыз.

Жүргізуші : Жарайсыздар. Біздің бүлдіршіндеріміз өте жылдам екен.

Күз ханшайымы: Ал, кезекті тапсырмамды балаларға берейін. Балақайлар мен сендердің дайындалып келгендеріңді жақсы білем. Қәне кім маған тағы да тақпақ айтып бергісі келеді ?

Тақпақтар:

Раяна Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

Айлана Көрініп еліме

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке.

Медина Жайдары күз,жомарт күз

Аяулы күз,алтын күз

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр

Мухаммед-Али Күзім,күзім

Мінезің бұзық

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық

Рамина келді міне күз,

Айнала сары түс

Керемет,тамаша

Қандай әсем күз.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар!

Күлдіргіш: жарайсыңдар балалар! Қанекей балалар біз бірге билейік! Ортаға шығайық.  

Би: «Күн шуағы»

Күлдіргіш: өте тамаша, сендер өнерлі екенсіңдер! Сендермен бірге билеген өте қызықты әрі көңңілді болды. Рахмет балалар! Менің уақытым келді. Мен басқа да достарыма баруым керек! Сау болыңдар!

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Ал Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін. (Жемістер толы карзина)

Жүргізуші :

Берекелі бақ дәулет

Артта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар,

Келгенше жыл айланып.  

Көкөністер бәріде

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер

Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар сіздерге алғысым шексіз. Маған қонаққа келгендеріңізге көп рахмет. Мен өте қуаныштымын. Рахмет сіздерге!! Қош сау болыңыздар.

 

Просмотров: 2448


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст