Тақырыбы: «Бәрімізге ортақ – ЖЕҢІС!»
Мақсаты: Балаларға Жеңіс күні мерекесі туралы мағлұмат беру.
1. Білімділік: Балаларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Бала бойындағы патриоттық сезімдерін оята отырып, ер үрдісінің әрекеттерін нәтижелі орындау іскерлігін дамыту.
3. Тәрбиелік:. Балаларды адамгершілікке, Отанын қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілік: Жеңіс күніне арналған суреттер.
Қызмет кезендері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың жауаптары |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Амансың ба, алтын Күн? Амансың ба, көк аспан? Амансың ба, достарым? Сендерді көрсем қуанам. |
Шаттық шеңберін бірге орындайды.
|
Ұйымдастырушылық іздестір |
Әңгіме: Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі «Ұлы Жеңіс»депаталады. -Бүгін қандай мереке? Жеңіс күні – адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Биыл Ұлы Жеңіске 73 жыл толып отыр. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын, туған-туысқандарына, жақындарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Соғыс бітті... Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Балалар мен сендерге Т.Жароковтың өлеңін оқып берейін. Сүйінші,халқым,сүйінші! Сүйіншіге сүйінші! Шаттаната-анамыз, Шаттан; аға-бабамыз. Кек қайтарып фашистен, Соғыс бітті жеңіспен, Жеңдік жауды күресте Жасалсын той мереке. Сергітусәті: Бала,бала,балақан! Қане,қайсы,алақан? Саусақтарың әйбат, Былай-былайойнат. Топ-топ басайық, Жалаудан күн жасайық! Жаса, жаса алтын күн, Жаса, жаса жарқын күн! Балалар енді әдемі орындарымызға отырайық. Кәне кім жеңіс мерекесі туралы тақпақ біледі екен? Бақытты боп жүргенім, Сенің арқан, Ұлы Отан. Елім менің - тірегім, Құшағынды гүл атам. Ойын: «Жалауша» Шарты: Балаларды екі топқа бөліп, алдыңғы екі баланың қолына жалауша беріледі. Музыка ырғағымен балалар жалаушаны қолдан-қолға бере бастайды. Қай топ жалаушаны жылдам жылжытып, ойынды тез аяқтаса – сол топ жеңімпаз аталады. |
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Балалардың жауаптары
Сергіту сәтін орындайды.
|
Рефлексивті- түзетушілік |
Қорытынды: Балалар біз бүгін не туралы әңгімеледік? Жеңіс деген сөзді қалай түсінеміз? Соғыс дегенді қалай түсінеміз? Біз қандай ойын ойнадық? Балалар отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата-баба дәстүрін, әдет - ғұрпын берік ұстанып, халқымыздың ерлігімен, батырлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанынсүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер. |
Балалардың жауаптары. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні туралы білім алады, мемлекеттік рәміздерді атап, оларды құрметтеуге үйренеді. Ұлы Отан соғысы каһармандарының есімдерімен танысады.
Түсінеді: Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болу керек екенін түсінеді.
Меңгереді:Адамгершілік қасиеттерді бойына меңгереді, Отанға деген сүйіспеншілігін
арттырады.